Семейдегі «Маусымашар». Ресми есеп. Жаңа суреттер.


«Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Семей КВН» филиалының ұйымдастыруымен ақпан айының 20-21 күндері қалалық «Маусымашар 2012» КВН фестивалі өткізілді.Маусымашар жаңа командалардың былтырғы жылға қарағанда көп болуына байланысты 2 күннен тұрды. Фестивальға қаланың 28 жоғарғы, орта білім беретін және де тауелсіз командалары, сондай-ақ Курчатов қаласынан келген оқушылар мен мұғалімдерден құралған қонақ команда да қатысты. Ойын жоғары денгейде өткізілді. Командалардың ішінен «Фестивальдің үздік командасы» Кубогына Семей Мемлекеттік Медицина Университетінің “Мед Универ” командасы ие болды. Айта кетейік, осы команда биыл Жоғары лигада Семей қаласының намысын қорғайтын болады. Және де «Маусым жаңалығы» номинациясы бойынша Көп салалы колледждан келген жаңа команда “Алтын әзіл” марапатталып, «Көрермендер көзайымына» Сервис колледжінің “Алтыбақаны” айналса, «Үздік әзіл» атағын Электротехникалық колледждан келген “Алаш ұлдары ” командасы жеңір алды. Ал «Үздік ойыншыны» номинациясына өзінің шеберлігімен, ойыншы ретінде жақсы қырынан көрсете білген Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің “Жаным” КВН командасының капитаны Балтабаева Динара ие болды. Бұл маусымның басы, ал шынымен де кімнің алысқа шабар жүйрік екенін алдағы чемпионат көрсететін болады.
«Семей КВН» филиалының директоры Фархат Тлеутаев

7 пікір

  1. Господин Хамитов 23.02.2012 - 8:02 pm - Жауап жазу

    Көрелік…

  2. Толғанай КУНАФИНА (ҚОШЕМЕТ) 23.02.2012 - 9:42 pm - Жауап жазу

    Басқа суреттер жоқ па?! Екінші күндікі?????

  3. Nursultan 24.02.2012 - 12:03 am - Жауап жазу

    БАЙЛАНЫСТЫН суреттери кайда ??????

  4. Заур(Альянс) 28.02.2012 - 5:49 pm - Жауап жазу

    5-ші фотодағы команданың аты қалай?Билеп тұрған брейкер ма?

    • Daniyar(DEMAL) 02.03.2012 - 10:53 pm - Жауап жазу

      Базар Жок СЕМЕЙ Жасасын!!!!

Пікір жазу