Шымкентте «Жайдарман» КВН сайысының ойындары өтті

23 ақпан. 2012 жыл.

Шымкент  қаласының С.Сейфуллин атындағы  «Достық Үйінде»,  облыстық «Жайдарман»  КВН сайысының арнаулы оқу орындар және мектептер арасында жартылай финал ойындары өтті. Жартылай  финалға жалпы саны жеті команда қатысты:

1. «Политех Жастары» Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжі

2. «Көңілді Жігіттер» М.Х.Дулати  атындағы үш тілде тереңдетіліп оқытатын №8 мектеп  гимназиясы

3. «Талантты Жастар» № 3 кәсіптік лицей

4. «ШымМед» Шымкент медицина колледжі

5. «Созақ серілері» Созақ ауданы

6. «Экспресс KZ» Арыс темір жол колледжі

7. «Пай,Пай!» Шымкент көлік коммуникация және жаңа технология колледжі

Сайыс екі турдан: сәлемдесу және бес сайыстан тұрды :

Сәлемдесуде барлық командалар жақсы ойын көрсетіп, халыққа жақсы көңіл-күй берді. «Политех  Жастары» және «Көңілді  Жігіттер»,  сонымен қатар Созақтан ауданынан келген қонақтар «Созақ серілері» командасы ширақ бастап , ұтымды  әзілдер сыйлады. Жалпы сәлемдесу тең дәрежеде өтті.

Ал  екінші турда командалар  жамбы ату,жаңалықтар,мақал-мәтел, өтірік өлең, жаңылтпаш оқыды. Бұл турда қызықты , күлкілі , әрі өткір әзілдер көп болды. Сайыстың ережелеріне сәйкес әзілдері өтімсіздеу команда ,әділ қазылар шешімімен ойыннан шығып жатты. Бұл ерекше сайыс болды. Осы сайыста жаңылтпаш айтылып және оны командалар қайталап , жаңылып та  жатты.

Бес сайыста әділ қазылар шешімімен «Политех Жастары» жеңімпаз болып табылды. Сәттілік жетіспеген Арыс қаласының «Экспресс KZ»  және ««ШымМед»  командалары сайыстарын осы жерден аяқтады.

Сонымен финалда:

  • «Политех Жастары»
  • «Көңілді Жігіттер» 3. «Талантты Жастар»  
  • 5. «Созақ серілері»
  • 7. «Пай,Пай!»

 

Командаларға сәттілік тілейміз!!!!

 

24 ақпан 2012 жыл

Бұл да қызу күн еді. Шымкенттің С.Сейфуллин атындағы  «Достық Үйінде»,  облыстық «Жайдарман»  КВН сайыстарының жоғарғы оқу орындары арасындағы жартылай финал ойындары өтті. Сайысқа жалпы саны  он команда қатысты. Командалар А және Б тобы болып бөлінді.

А тобы

  1. «ИП-МАN»  М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
  2. «Жетінші материк» Шымкент Әлеуметтік Педагогикалық Университеті
  3. «Айхай-шу» Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университеті
  4. «Балдырған» М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
  5. «АИУ қонжықтары» Академиялық Иновациялық Университеті

 

Б тобы

  1. «ФармАкадемия» Оңтүстік Қазақстан Фармацептикалық Академиясы
  2. «7/1» Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық  Институты
  3. «Байдың балалары» М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
  4.  «ХҚТУ тарифы» Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
  5.  «МарС» М.Сапарбаев атындағы  Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Институты

Сәлемдесу сайысын  «Жетінші материк» бастады. Ойын өте қызықты, командалар бір-бірінен аспаса кем түспеді.Ал «Балдырған» командасы халықты  қыран-топан күлкіге бөледі. Әрбір әзілдері ұтымды шықты.Команда ойыншысы Мақсат(Банзай) өзінің  ерекшілігімен көрерменнің сүйікті ойыншысына да айналып үлгерді. А тобын облыстың соңғы екі дүркін чемпиондары «АИУ қонжықтары»  аяқтады. Бұл жолы чемпиондар өздерін басқа қырынан көрсетіп, көрермен көңілінен шыға білді.

Ал  Б-тобының сәлемдесуы  алдынғы  топпен тең  дәрежеде өнер көрсетті. Бұл топтың ерекшелігі  ОҚМПИ-дың  қыздарынан құралған команда болды. Қыздар арпа ішінде бір бидай  болғандығыны қарамастан, жігіттер жайлы ерекше әзілдер айтты. Түркістан қаласының қонактары «ХҚТУ тарифы» және жергілікті «Байдың балдары» да  сәтті ойын көрсетті. Ал ОҚГИ-дың «МарС» КВН командасы өздерінің қазақилығымен ерекшеленді.

Бес сайыста А тобынан «Балдырған», ал Б тобынан «7/1» қыздар командасы жеңімпаз болып табылды. Жалпы ұпай саны бойынша финалға жолдама алған командалар:

  • «АИУ қонжықтары»
  • «Балдырған»
  • «Байдың балдары»
  • «7/1»
  • «Айхай-шу»
  • «МарС»

Командаларға сәттілік тілейміз! Жеңімпаздарды анықтайтын күн де алыс емес!

7 пікір

  1. ЖАН 28.02.2012 - 2:30 pm - Жауап жазу

    озим жаидарман оиынынын жанкуиеримин бирак кеи кездери жартылаи финалга шыга алмаи калган команда жартылаи финалда онер корсетип финалга отип жатат,ол командалардын резерфпен откенин ешкимге аитпаиды аиткан кунде де резерфпен 1 ак команда оту тиес емеспа? сол жагын сал кадагаласа димин

  2. jAIDARman 29.02.2012 - 1:02 am - Жауап жазу

    ol iatiladi sen birak sen oni estimei kalip jatkansin goi!!!

  3. jAIDARman 29.02.2012 - 1:22 am - Жауап жазу

    baska suretter simai kalgan ba Kozildirik mira?????)))))))

  4. ЖАН 01.03.2012 - 11:24 am - Жауап жазу

    жайдарманнын адил казы алкаларына ризамын оте жаксы багалаиды ойыннын сонында азилдегендериде жарасымды

  5. еркин 02.03.2012 - 9:28 pm - Жауап жазу

    калаи корет

  6. Артык Магжан 05.04.2012 - 10:32 am - Жауап жазу

    Политех жастар курамасы Полуфиналда жаксы ойын корсетти. Кудай каласа Финалда Чемпион болады деп умиттенемиз. Алгаааааа Политееееееееееех

Пікір жазу